Алматы облысында ата-анасы бас тартқан нәрестені асырап алу жеңілдеді
Алматы облысында анасы жаңа туған нәрестеден бас тартып немесе тастап кеткен жағдайда сәбиді қамқорлыққа алу процедурасы жеңілдетілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы уақытқа дейін бала туған сәттен оның құжаттарын асыранды ата-аналарға рәсімдеу ұзақ мерзімге созылатын. Талғар ауданының прокуратурасы баланы қамқорлыққа алу арқылы қалыптасқан тәжірибені бұзды. Осының салдарынан Талғар ауданында екі отбасы санаулы күнде ғана жаңа туған нәрестелерді өз қамқорлығына алды.
Екі сәби туа салысымен перзентханадан жетімдер үйіне емес, жаңа отбасыларына барды. Аталған тәжірибеҚР “Неке және отбасы” Кодексіне ешқандай қайшы емес. Бар болғаны, жоба Алматы облыстық прокуратурасының “Жетімдер үйінсіз Жетісу” атты ауқымды бағдарламаның аясында жергілікті биліктің қолдауымен жүзеге асты. Осы жобаның арқасында 150-ден астам бала перзентханадан бірден жаңа отбасына барды.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Алматыда бар тазалықшысы қонақтардың бірі ұмытып кеткен 5 млн теңгені қайтарды
ШҚО-да аспаз ұрлығын кешірген дәмхана иелерін қайта тонап кетті
ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған