Алматы облысында асылып қалған бойжеткеннің қазасы жайлы анасы әлі білмейді
Алматы облысы Есік қаласында колледж жатақханасында қаза болған қыздың өліміне қатысты күдікті болжамдар бар, деп хабарлайды КТК.
Гүлден Түркебаева 20 жаста. Ол таңға жуық кір жайғыш жіпке асылып тұрған күйінде табылды. Оны өзіне қол салуға итермелеген болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Бірге тұрған қыздар оның кешкі уақытта бірлесіп сабақ оқығанын, өзін өлтіруге оқталмағанын айтады.
Бұл туралы Гуманитарлық экономикалық колледждің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Гүлнәр Байтөкенова жеткізді.
Ал, Гүлденненің өзі қаладағы мектепте тәжірибеден өтіп жүрген. Бірнеше жыл бұрын әкесі өірден озған. Қарт анасы ауруханада жатыр. Ол қызының қазасы жайлы әлі естіген жоқ.
Бейресми дереккөзге сүйенсек, қыздың өліміне жүктілігі себеп болды деген болжам бар. Қыздың жүктілігінің 5-айында жүргені айтылды. Оның қаншалықты рас екені тергеуден соң анықталады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
