Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды. Нұржігіт Бөрібайдың туыстары әскерге дені сау баланы жіберіп, табытпен алып қайттық деп әскерилерге наразылық білдіріп отыр.

Алайда әскери бөлім басшылары сарбазға ешқандай әлімжеттік жасалмаған дейді, деп хабарлайды 31 арна.

«Өтті міне үш сағаттай үш жылым. Келмеске кеткен Мен үшін бұл күн – ұлы күн!»- деп,  қуанышы қойнына симаған Нұржігіт Бөрібай оқу бітіргені туралы  әлеуметтік желіде бөліскен еді. Алайда араға 4 ай салып бүгін туған-туыстары оның денесін мәйітханадан алып кеткелі тұр. Нұржігіт коледжді бітірген соң әскери борышын өтеуге ниет танытады. Осылайша,  Боралдай елді-мекеніндегі №03825 әскери бөлімінде қатардағы сарбаз атанады. Бірақ,  небәрі үш-ақ күн сарбаз болады.

“Кінәлі адамдар жазасын алуы тиіс. Біз былай қойып қоймаймыз енді. Біздің де үмітімізді арқалап, оқытып, осы бауырымызды әскерге жіберіп, өлтіріп алып отырмыз, шыны керек”, – дейді ағасы Ілияс Әуелбеков.

Нұржігіттің туған-туыстарының айтуынша, ол кеше оқу-жаттығуда кенеттен өзін жайсыз сезінген. Қан қысымы түсіп, тілін жұтып қоя жаздаған сарбазға ем-дом жасалған, ал  3-4 сағаттан кейін қайтып сабаққа жіберген. Бірақ екінші рет жаттығуға барғанда Нұржігіт мүлдем есінен танып қалған.

“Бұл жерде барлық кінә, медик тірлігін дұрыс істемегенде, екінші рет ротасына барып қоспағанда арамызда болар еді бауырымыз”, – ағасы Ғабит Боранбай.

Сарбаз өліміне қатысты Қорғаныс министрлігі, әскери полиция мен Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің мамандарынан құралған арнайы комиссия құрылды.

Сарбаздың қайтыс болу себебінің алдын ала диагнозы қойылды. Толық панкрионекроз. Ол ұйқы безінің өліеттенуі. Бұл өте сирек кездесетін ауру. Бірақ, нақты қайтыс болу себебі 2 аптадан кейін ғана белгілі болады.

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған сарбаздың денесін бүгін туған-туыстары Оңтүстік Қазақстан облысына алып кетеді. Ал ертең сарбаздың денесі туған ауылы Қызылдиқанда жер қойнауына тапсырылады.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда ХҚКО қызметкері азаматтарға қатысты құпия құжаттарды банктегі танысының өтінішімен алғанын мойындады

Шымкенттік мұғалімдер тесттен төмен балл жинап ұятқа қалды

Шымкентте жүрек тұсынан пышақталған жігіт жанжалдың неден шыққанын айтты

Талқылау