Алматы облысында 7-сынып оқушысы қыз баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды
Алматы облысының 13 жастағы тұрғыны қыз баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды.
Есік қаласының 7-сынып оқушысы «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 жасар қызды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен ержүректігі үшін Булохов Александр Иванович, Козлов Николай Владимирович, Гусев Сергей Александрович есімді азаматтар марапатталды.
Оқиға 2017 жылдың 18 маусымында болған. Алексей Чебаник арқанмен шұңқырға түсіп, қызды алып шыққан болатын. Қазір қыздың денсаулығы бірқалыпты.
Талқылау