Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай бала 7-қабаттан куәгердің көз алдында құлап кетті

Алматы облысы, Қарасай ауданында кішкентай бала көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап кетті.

img-20160623113648-678

Бұл туралы Фейсбукте Dudar Tazsha есімді қолданушы жазды.

“Бұл жағдай тура менің көз алдымда болды. Асфальтқа келіп түсті. Не істеу керектігін білмедім. Айғайлап, жедел жәрдем шақырдым. Мұрынынан қан ағып, көзін ашып, бар-жоғы кішкене қозғалды. Мен бірден 7-қабатқа көтеріліп, кімнің баласы екенін сұрай бастадым. Анасын да таптым. Ол баласының асханада ойнап отырғанын айтты. Жүгіріп асханаға барып еді, терезе ашық тұр, ал бала жоқ. Әйел есінен танып қала жаздады. Екеуміз бірге төмен түстік. Өкінішке қарай, баланы құтқара алмадық”, – деп жазады ол.

Алматы облыстық ІІД болған оқиғаны растады. Ақпарат бойынша 2015 жылы туған бала көз жұмған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Атырау қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіріп кетті

ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген

Шымкентте Швециядан келген еркекті асқан хайуандықпен өлтірген

Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты

Талқылау