Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 19 баланы тәрбиелеп отырған отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Алматы облысында көпбалалы отбасы баспанасыз қалуы мүмкін. Олардың үйі құлаудың алдында тұр. Бүгінде үш бөлмелі үйде ата-анасы мен 19 баласы тұрып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында 19 баланы тәрбиелеп отырған отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Зарина Шумаева күйеуімен бірге 14 баланы асырап алған. Алайда олар 3 бөлмелі үйде әрең тұрып жатыр.

«Әрине, жағдай қиын. Балалардың үйдегі көктің иісімен демалып жатқаны үшін алаңдаймын. Салдарынан туберкулез немесе басқа ауруларға шалдыға ма деп қорқамын», – дейді Зарина Шумаева.

Зарина мен Шырын асырап алған балаларымен бірге жарты ғасыр бұрын салынған үйде тұрып жатыр. Үйдің едені шіріп, қабырғалары көгере бастаған. Ерлі-зайыпты қаржының тапшылығынан жөндеу жұмыстарын да жүргізе алмай отыр. Көпбалалы отбасын жалғыз өзі асырап отырған Шырынның жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Ал балаларға берілетін жәрдемақы тамағы мен киімінен аспайды екен.

«Үй өте ескі. Бүкіл жері көгерген. Соның салдарынан еден де құлап, қабырғалар бұзылуда. Балалар да ауырып қалады. Ай сайын біреуін емдейміз», – дейді Шумаева.

Бүгінде көпбалалы отбасының арманы жаңа баспаналы болу.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр