Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросында жолаушылар арнайы сөреден кітап алып оқи алады

Алматыдағы «Байқоңыр» метро стансасында «Еркін кітап сөресі» ашылды. Кітап алмасу айтарлықтай кең ауқымды қамтыды.

19.08.2016-Adilbek-Niazymbetov-11

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлайды.

Жер шары бейнесінде жасалған кітап сөрелерінің мазмұны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен және ғарышкерлер күнімен астасып жатқандай әсер қалдырады. . Мұндай кітап алмасу шарасы бұрыннан бері өткізіліп келеді. 2014 жылы осындай науқан 28 панфиловшы саябағында ұйымдастырылған болатын.

Бүгінгі «Еркін кітап сөресіне» көпшілік талғамын қанағаттандыратын 500-ден астам кітап қойылды. Мұнда көркем, ғылыми және балалар әдебиетіне кең орын берілді. Ақын Шоқан Мұратхан «Еркін кітап сөресіне» ең алғашқылардың бірі болып, өз кітабын ұсынды. Оның жыр жинағын оқып болған соң арнайы кітапқа әркім өзінің пікір-ұсыныстарын қалдыруына болады.

“Кітаптан үлкен қазына жоқ. Қазіргі заманда, кітапқа адамдар салқын қараған ғасырда ашылған осындай кітап алмасу бұрышы жатып қалған кітаптарды бір-бірімен алмасып оқуға мүмкіндік береді. Бұл іс-шара – құптарлық іс”, – дейді ақын Шоқан Мұратхан.

Тағы да оқыңыз:

Астана-Ақтөбе пойызының жолсерігі ұмытып кеткен 2 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Павлодарда студент суға батып өлмекші болған қарияны құтқарып қалды

 

Ақмола облысында бүтіндей бір ауыл тұрғындары келесі бетке қайықпен қатынап жүр

Талқылау