Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында қазақ жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

Алматы маңында тұратын суретші тікелей эфирде асылып қалды.

7b5fb3a1a519fc7901fb7469fe20d3f8-1

Sputnik Қазақстан қайтыс болған азаматтың құрбысымен телефон арқылы хабарласты.

Қазақстандық жігіт әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Бекжан Қанкеновтың өлімі туралы Facebook желісінде оның құрбысы Алена Мирошниченко жазды.

“Достар, Бека енді арамызда жоқ. Асылып қалыпты және бәрін тікелей эфирге түсіріпті. Парақшасы бұғатталған”, — деп жазды Мирошниченко жеке парақшасында.

“Ол менің Фейсбуктегі жақын досым еді, бірақ Фейсбуктен тыс та араласатынбыз. Бірнеше рет мынадай жазбалар жазған: “Жүрегім ауырады, өмірмен қош айтысқым келеді, өліп кетсем бе екен”. Қайдағы-жоқты жазып, қалжыңдайтын… Таңертең оның құрбысы жазды. Жақында қоңырау шалып, денесінің әлі ілулі тұрғанын айтты. Полицияны күтіп, түсірмей отыр екен. Үйі Қоянқұс ауылында. Ол жақсы, мейірімді жігіт болатын, жұмсақ ойыншықтармен бірге ұйықтайтын… Бекжан — суретші”, — деді сұхбат беруші телефон арқылы.  Алена Мирошниченко сөзіне сүйенсек, Бекжан Қанкенов екеуі әлеуметтік желіден тыс та жақсы достар екен. Өмірде де аралас-құралас болған көрінеді.

“Біз 2014 жылы Фейсбукте таныстық. Араласып, өмірде де кездестік — әлеуметтік желіде дос болғасын, өмірде де кездесейік деп шештік. Танысып, достарымызбен жиналдық. Кәуап жеуге, сыра ішуге, концертке, клубқа баратынбыз… Оны бәрі жақсы көретін. Парақшаларын үнемі ауыстырып отырушы еді, себебі үнемі бұғаттап тастайтын”. Өлімнің мән-жайына келер болсақ, сұхбат беруші ол жағынан бейхабар екен. Бірақ Мирошниченко бұдан бұрын да досының суицид туралы ойларын байқапты.

“Өзімен сөйлескенімде: қалжыңдаймын, мәңгілік өмір сүремін дейтін. Өзіне назар аударғысы келетін. Бір қызбен ренжісіп қалса, “жүрегім тоқтап қалды деп айта салыңдар” деген пост жазатын. Соны көріп өзіне жаза бастасаң: “Жоға, аман-есенмін, жай ана бір қыздың назарын аударайын дегенмін” дейді. Өзіне көңіл бөлгенін қалайтын. Мас болмаса, мінезі жайсаң. Бірақ көбіне мас болып жүруші еді”, — деді Мирошниченко. Көз жұмған жігіттің FB парақшаларының бірінде өткен түні шыққан хабарлама бар: “Бәріңді жақсы көремін. Бүгін ішімдік ішемін. Ілмек жасалды, асылып қалғым келеді”.

Іле аудандық ІІБ Қоянқұс ауылында тұратын Бекжан Қанкеновтың өз-өзіне қол салғаны туралы мәліметті растады. Жігіттің денесі таңертең табылған.

Тағы да оқыңыз:

Туған күн иесінің басына жұмыртқа жарып, ұн шашып құттықтаған қыздар елдің ашуын келтірді (видео)

Баян Есентаева қазақша акцентпен орысша сөйлеп жұртты күлдірді (видео)

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлігімен бірге жанып кетті (видео)

ОҚО-да зорланған оқушы қызға араша түспеген полицей істі болуда

Талқылау