Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды
Алматы хайуанаттар бағындағы қызыл кітапқа енген жануар үстіне ағаш құлап, мерт болды.
Бұл туралы зообақ басшысы Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, түнде болған дауыл хайуанаттар бағындағы ескі ағаштарды құлатқан.
“Бұл жолы біздің бақта жануар мерт болды. Қазіргі уақытта біз ескі ағаштарды кесуге қажетті техника мен арнайы мамандарды көмекке шақыртамыз”, — деп жазды Еркінбаев.
Ол бұл ескі ағаштар тек қана жануарларға ғана емес, сондай-ақ мұнда келген адамдарға да қауіп төндіретінін атап өтті.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді
Ақтөбелік дәрігерлер сал болып қалған баланың ата-анасынан 4,5 миллион теңге өндіріп алмақ
Астана тұрғыны жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып, ағызып жіберді
Талқылау