Шаруалар тағзым еткен "хан": Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды туралы не білеміз
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
24 мамыр күні Дархан Сатыбалды президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан Алматы әкімінің қызметіне тағайындады. Қала басшысының өмірбаяны мен атқарған қызметіне шолу жасадық. Жаңа әкімнің бұған дейін шаруалардың тағзымы мен бауырларының кәсібі үшін басы дауға қалған. Алайда бұл жағдайлар оның имиджіне айтарлықтай әсер етпеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
51 жастағы Дархан Сатыбалды Түркістан облысындағы Абай ауылының тумасы. Ол Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Қазақ, өзбек, орыс және ағылшын тілдерін біледі, экономика ғылымдарының кандидаты.
2000-жылдардан бастап бірнеше мемлекеттік органдарда қызмет атқарған, олардың қатарында Қаржы министрлігі, президент әкімшілігінің іс басқармасы, сот әкімшілігі комитеті, Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті бар. 2010–2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін басқарған.
2013 жылдың мамырынан 2015 жылдың тамызына дейін Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі болды. Кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2015–2017) болып тағайындалды. 2018 жылы Шымкент қаласының сенат депутаты атанды. 2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың айтарлықтай жақсаруына үлес қосты.
2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып болды. Сол жылдың соңында ол бұл лауазымға қайта тағайындалды. 2025 жылдың 6 қаңтарына дейін облыс басқарып, кейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне ауыстырылды.
Сатыбалдының тұсында Түркістан өңірі жақсы экономикалық нәтиже көрсеткен. Мамандардың айтуынша, дәл осы себеппен ол президент әкімшілігіне ауысып, өңірлік дамуды қадағалап келді.
“Бауырларымның кәсібіне жауап бермеймін”
Өңір басшысы ретінде өзін жақсы көрсеткенімен, даулы жағдайлар жаңа әкімді де айналып өтпепті. Дархан Сатыбалды екі мәрте дауға іліккен. Бірі – оның бауырларының кәсібіне байланысты. Алматының жаңа әкімінің туыстары Fitness Palace, Nomad Stroy Company және басқа да компанияларды бақылауда ұстаған. Бұл фирмалардың кейбірі салық төлемеген, ал біреуі Талдыкөл аумағында заңсыз құрылыс жүргізумен айналысқан.
- Мұхтар Сатбалдиев алты жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен бір жеке кәсіпкерліктің құрылтайшысы болған.
- Сұңқар Сатбалдиев төрт жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен бір жеке кәсіпкерліктің құрылтайшысы ретінде тіркелген.
- Ғабит Сатвалдиев те алты жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен бір жеке кәсіпкерлікке иелік еткен.
Дархан Сатыбалдының жұбайы Жанар Мекенбаева "Мәди-Ко 2008" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы әрі директоры болған. Компанияның қызмет саласы — өз мүлкін жалға беру және басқару. Оның ағасы Қанат Мекенбаевқа "Бекзат Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестік (автобус тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет түрлері) және "М-Адал" жауапкершілігі шектеулі серіктестік тиесілі болған.
Жанар Мекенбаеваның әпкесі Индира Мирзамуратова "Ар Ай 2012 Ломбард" компаниясының директоры болған, ал інісі Маратбек Мирзамуратов Астана қаласындағы Алматы ауданының прокуроры қызметіне тағайындалған.
2021 жылы "Власть" басылымы Ғабит пен Сұңқар Сатбалдиевтердің Астанадағы Кіші Талдыкөл аймағын құрылысқа беруге қатысы барын жазған.
2023 жылы журналистер Дархан Сатыбалдыдан осы туыстық байланыстар туралы пікір білдіруін сұрады.
"Біз үлкен отбасынан шыққанбыз. Отбасымызда жеті бала — бір әпкем және алты ағам бар. Олар менен үлкен, мен — алтыншы баламын. Олар бизнесін 90-жылдардың басында басталған. Бұл қалай болды? 80-жылдардың соңында, 90-жылдардың басында біз үлкен отбасы болсақ та, бәріміз жұмыссыз қалдық. Амал жоқ, жұмыс істеу керек болды. Олар еңбек етті, саудамен айналыса бастады. Мен ол кезде студент болатынмын, мен де саудаға араластым. Бірақ айтайын дегенім — бұл олардың еңбегі, олар өз күнін өздері көріп отыр, ешқашан менің жұмысыма кетергі келтірген емес. Мен олардың кәсібіне жауап бермеймін. Әркім өз ісіне өзі жауапты. Егер заң бұзушылық болса, тиісті органдар тексеріп, шешім қабылдайды", — деп жауап берген еді Сатыбалды.
Одан кейін Сатыбалды ағаларының бизнесті тек Астанада жүргізетінін және оның жеке жұмысына ешқандай әсер етпейтінін атап өтті. Ол Талдыкөлді игеру жағдайына қатысты пікір білдірмеді.
“О, хан ием!”
Сатыбалдының екінші атышулы оқиғасы 2022 жылдың қазан айында, ол Түркістан облысының әкімі болып тұрған кезде болды. Ондаған жасы үлкен шаруалар жаңа әкіммен жүздесуге асықты.
"Бізге әкім емес, хан келді. Ханнан бірдеңе сұрау үшін тізерлеп тұрып сұрау керек. Сондықтан тізе бүгіңдер, тым болмаса алдымызға шықсын", – деді шаруалардың бірі. Сонда жұрт Сатыбалдыны "О, хан ием!" деп шақырып, ғимарат алдында тізе бүкті.
Кейін әкім бұл оқиғаға түсініктеме беріп, шаруалар келіп "тағзым етуге келген" сәтте өзі әкімдік ғимаратында болмағанын айтты. Әйтпесе, міндетті түрде кездесетінін жеткізді.
"Мен сол кезде республикалық орталық мемлекеттік органдармен әкімдік ғимаратында емес, құқық қорғау органдарының ғимаратында жиналыста болдым. Барлық басшылық та менімен бірге еді. Сол кезде әкімдік алдына адамдар мақта бағасына қатысты мәселені шешім беруін сұрап келген екен. Мен орынбасарымды жібердім, олар сөйлесті, бірақ адамдар тек әкіммен кездесетінін айтқан. Мен жиналыстан кейін кездесетінімді айттым.Ғимаратқа кіргенде маған сол адамдардың видеосы келді", — деді Дархан Сатыбалды.
Десе де Дархан Сатыбалды Түркістан облысының шаруаларына көмектесті. Содан болса керек, бұл оқиға оның қоғамдық имиджіне қатты әсер еткен жоқ. Осы жағдайдан кейін ол бейресми түрде "Хан" деген лақап атқа ие болды.
Ақордадағы Сатыбалды үшін құрылған жаңа лауазым
Сатыбалдының өңірді басқарудағы тәжірибесі Ақордада жоғары бағаланды. Арнайы оның бейініне сай, Президент әкімшілігінде жаңа лауазым құрылып, ол сол қызметті соңғы тағайындауына дейін атқарды.
Дархан Сатыбалдының міндеті — басқару процестерін жетілдіру және өңірлермен өзара іс-қимылды нығайту болды.
"Бұл лауазымның енгізілуі президенттің тапсырмаларының орындалуына бақылау орнатуға, мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруға және билікке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді", — деп жауап берді Ақорда.
Алайда Сатыбалдыны тәжірибелі басқарушы ретінде, Алматыдағы қордаланған экономикалық мәселелерді түбегейлі шешуге жіберді.
"Дархан Сатыбалды президент әкімшілігі басшысының бірінші әрі жалғыз орынбасары ретінде небәрі төрт жарым ай жұмыс істеді. Бұл лауазымда оның негізгі міндеті — Орталық пен өңірлер арасындағы байланысты реттеу және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын жергілікті жерде қатаң бақылау болатын", — дейді саясаттанушы Ғазиз Әбішев
2024 жылы ақпанда Дархан Сатыбалды бірнеше мектептің апатты жағдайына байланысты облыстағы білім басқармасын қатаң сынға алды. Сол кезде облыста төрт бірдей мектеп апатты жағдайда тұрған. Бірінің қолданысқа берілгеніне небәрі екі жыл болған. Ауа райы қолайсыздығынан кейбір білім беру мекемелерінің жертөлесін су басып қалған.
"Тапсырыс беруші ретінде кім аяқтады? Бұл – сіздердің, аудан әкімінің жұмысы. Бір апта уақыт. Мердігерді сіздер жалдайсыз ба? Мені қызықтырмайды! Біз мектеп салуымыз керек, су құбырын жүргізуіміз керек, тағы басқа дүниелер салуымыз керек. Бұл мәселені шешу керек. Артық сөздің қажеті жоқ. Мұны құрылыстың басында айту керек еді", – деген еді сол кезде облыс әкімі.
Айта кетейік, Дархан Сатыбалды "Ерен еңбегі үшін", "Астананың 10 жылдығы", "Облыс алдындағы еңбегі үшін" медальдарымен, сондай-ақ "Парасат" орденімен марапатталған.
Бүгін Дархан Сатыбалды Алматыдағы өзекті мәселелерді атап өтті.
“Қаламызда бірқатар сын-қатерлер бар. Бұл, ең алдымен, экологиялық проблемалар, көлік жүктемесі, сапалы және тұрақты сумен жабдықтау мәселелері, инженерлік желілердің тозуы, тығыз құрылыс.
Біздің алдымызда қаланың одан әрі тұрақты дамуы және әрбір алматылықтың өмір сүру сапасына байланысты міндеттер тұр”, – деді жаңа әкім.
Сатыбалды қызметке кірісе сала, келесі дүниелерге басымдық беретінін айтты:
- Көлік жүйесін дамыту және экологияны жақсарту;
- Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі;
- Экономиканың тұрақты дамуы және кәсіпкерлікті қолдау;
- Қолжетімді және сапалы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау;
- Жастардың бастамасын қолдау;
- Ашықтық, диалог және есеп беру.
Шаһар басшысы әрбір алматылықтың мүддесі үшін өз міндеттерін жауапты және кәсіби орындауға кепілдік беретінін айтты.
Бұған дейін Дархан Сатыбалдының Алматы шаһарның жаңа әкімі болып тағайындалғаны туралы жазған едік.

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
