Алматының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен кетті

Фото: Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев қызметінен кетті. Ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиқызы департамент басшысының қызметінен кетуі Назарбаев даңғылындағы өртке еш қатысы жоқ екенін атап өтті.
“Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістерге байланысты хабарлаймыз: бұл өзгерістер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысы жоқ. Ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз", – деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, 9 шілдеде Назарбаев даңғылында “Газель” өртеніп, жарылыс болған. Бірақ қызықтың бәрі өрт сөндірушілер келгенде басталды. Өртті сөндіруге келген құтқарушылар оқиға орнына сусыз келген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"