Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының орталық көшесінде жерден ыстық су атқылап, жолды жауып қалды

Алматының орталығында жерден ыстық су атқылап, жолды басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы жылу желілері" ЖШС оқиғаның Медеу ауданындағы Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысына жақын орналасқан жылу желілерінің гидравликалық сынақтары нәтижесінде орын алғанын түсіндірді.

"Жерден шыққан су адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеді. Оның температурасы +65 градустан аспады, ал сынақтарға қатысқан инженерлер мен техниктердің біліктілігінің арқасында жағдайды уақытында бақылауға алуға мүмкіндік туды", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Зардап шеккендер жоқ.

"Қазір жөндеу бригадалары құбырдың үзілген сегментін ауыстыра отырып, жылу магистральдық бөлімінің жұмысын қалпына келтіруде. Жарылудың себебі – 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан диаметрі 200 мм құбырдың қызметінің нашарлауы", – дейді компания өкілдері.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 15:47
Талқылау