Алматының орталығында дәмхана өртеніп жатыр: өрт сөндірушілер адамдарды іздеуде
Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама 11:00-де түсті. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған қосқабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмханадан түтін шығып жатқан.
"Адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Кафе тағам жеткізу түрінде жұмыс істейді. Оқиға орнында 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды. Нысан электр қуатынан ажыратылды. Өрт ошағы анықталды, таралу қаупі жоқ",- деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”