Алматының маңында жер сілкінді
19 қаңтарда сағат 11:30-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 км жерде жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ұлттық геофизикалық зерттеулер институтының (ҰҒЗИ) сейсмикалық стансалар желісі Қытайда жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 км жерде солтүстік ендік 41,202° және шығыс бойлық 80,387° координаталы нүктеде орналасқан.
Сейсмологтардың айтуынша, жер дүмпуі Қазақстанда сезілмеді.
Талқылау