Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Дәрігерлердің жаппай індет жұқтыруына мен жауаптымын

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы орталық аурухананың дәрігерлері жаппай коронавирусты жұқтырғанына жауапты екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

врачи

«Мен дәрігерлерді айыптай алмаймын. Алайда, егер қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтанса, қызметкерлер жаппай жұқтырмас еді. Бұл - қаламыздағы ірі ауруханалардың бірі. Мұнда көбінесе пациенттер шұғыл жеткізіледі. Бізде науқастардың көпшілігі коронавируспен ауырғаны белгісіз өтті. Соқырішек, панкреатит, холециститпен ауырып түскен науқастарды COVID-19 жұқтырғандардан ажырату мүмкін болмады. Шұғыл стационар жағдайында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер жұқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда міндетті түрде терең эпидемиологиялық тексеру жүргізілуі тиісті. Сосын қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бастаған комиссия шешім шығарады. Мен басқарма басшысы ретінде өзімнің де жауапты екенімді білемін», - деді басқарма басшысы.

Сөзінше, мұндай жағдай әлемнің басқа мемлекеттірінде жиі тіркелуп жатыр екен. 

«Қазір бұл инфекцияның өте жұқпалы екендігін Қазақстанда ғана емес әлем бойынша көріп отырмыз. Тіпті дамыған елдерде жай адамдардың да, медицина мамандарының да арасында жұқтыру тіркеліп жатыр. Біз өзімізге қажетті тәжірибе жинап жатырмыз. Болашақта бұл басқа инфекциялармен күресте септігін тигізбек. Менің ойымша, біздің дәрігерлердің біліктілігі арта түседі», - деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін басқарма басышысы Алматыда тағы бір инфекциялық госпиталь салынатынын айтып кеткен болатын. 



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр