Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының қақ ортасында екі ер адам атыс шығарды

Алматыдағы негізгі көшелердің бірінде екі ер адам төбелесіп, артынша біреуі тапаншасын шығарып атыс бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның видеосы желіде пайда болды. Қалалық полиция бөлімі бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Жанжал бұрын белгілі адамдар арасында болғаны анықталды. Олардың бірі газ тапаншасын қолданған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті – ұсталған, 1989 жылы туған азамат Т. айтуынша, ол қылмыс құралын лақтырып жіберген, бұл факт анықталуда. Тергеу жалғасуда", – деді Алмалы облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 20:11
Талқылау