Алматының қақ ортасында дрифт ұйымдастырғандар желі қолданушыларының наразылығын тудырды (видео)

Алматыда түнгі уақытта жанармай бекетінде көлікпен дрифт жасаған үш азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

дрифт

Әлеуметтік желі қолданушылары көшеде дрифт жасаған жүргізушілердің видеосын қызу талқыға салды. Өз кезегінде олар тұрғындардың мазасын алған жастарды сөкті. 

Бұл бейнежазба туралы қалалық ПД өкілдері пікірі білдірді. 

"Бейне материалды зерттеп, біз қатысушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Кейбір жастардың көлік жүргізуді және экстремалды болуды қалайтыны түсінікті.  Бұл әрекеттер ешқандай жағдайда ҚР заңдарына қайшы келмеуі керек. Сонымен қатар, әрекет арнайы бөлінген жерде емес, адамдар көп болатын жанармай бекетінің аумағында өтті. Жүргізуші өзінің көлігінің ептілігі және дрифтімен көпшіліктің назарын аударғысы келді. Алайда, құқық бұзушы бір нәрсе дұрыс болмай қалса, оның салдары қандай болатынын ескермейді. Мысалы, егер дрифт кезінде автокөлік адамдар тұрған бағытқа қарай қозғалып кетсе немесе көлік қозғалтқыштың қызып кетуіне байланысты өрт болып кетсе, оның үстіне жанармай бекетінде. Дөңгелектің астынан ұшқан таста біреудің көзіне түсуі мүмкін, ал бұл асфальт бетіне зақым келтіреді, осының өзі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады", – деді Алматы қалалық полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

1997 жылы туған Ш., 1999 жылғы М. және 1997 жылғы Ч. есімді жас жігіттер ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы 1- бөліміне (жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру ) сәйкес жауапкершілікке тартылыпты. Жол ережесін қатаң сақтау туралы жастармен түсіндіру әңгімесі өткізілген. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр