Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті
Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты bakordamems Instagram парақшасы хабарлады.
“Алматының бұрынғы әкімі Байбек қазір Жапонияда жүр. Сакураның гүлдеген сәтін көруге келіпті. Сіздерді әлі де хабардар етіп отырамын”, – деп жазды ол.
Instagram парақшада жарияланған жазбаға желі қолданушылары да түрлі пікірлерін қалдырды.
“Сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек, Байбектің онда тұрып жатқанына 1 жылдан асты”, “Бақытты адам. Қалдасында ақшасы бар, сол үшін елден кетті”, “Сыртта жүріп қартайып қалыпты. Жүзі жапондарға ұқсайды”, – деп жазды олар.
Бауыржан Байбек 2015-2019 жылдары Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. 2013-2015 және 2019-2022 жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін хабарсыз кетті.
Айта кетейік, бұған дейін Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев пен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекке қатысы бар "Bolashak Consulting Group" ЖШС-нің бас директоры Сағидолла Баймұратқа қатысты тергеу басталғаны туралы жазған едік.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?