Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының бір ауданын ғана Жаңа жылға 178,5 миллион теңгеге безендірмек

алматы жаңа жылФото: Алматы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданының әкімдігі 2026 жылға арналған мерекелік безендіру жұмыстарына 178,5 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаражат "Атакент" аумағын, Тұңғыш президент саябағын және ауданның магистральдық көшелерін жарықтандыруға жұмсалады. 

Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған лоттың техникалық сипаттамасына сәйкес, Бостандық ауданындағы жаңа жылдық безендіруге арналған бюджетте: 62,5 миллион теңге "Атакент" аумағын безендіруге бөлінген.

Жоспарға сәйкес биіктігі 25 метр (диаметрі 12 метр) жаңа жылдық шырша орнату, гирляндтар, үш фотозона және жарық мүсіндерін қою керек. Олардың ішінде арка-шарды "тартып бара жатқан" екі метрлік жылқы мүсіні және "2026" цифрларынан құралған композиция бар.
•    62,5 миллион теңге Тұңғыш президент саябағын безендіруге (шырша, гирляндтар мен фотозоналар орнатылады);
•    Ауданның магистральдық көшелеріне жарық шамдарын қоюға 53,5 миллион теңге бөлінеді.

Мердігерлерден өтінім қабылдау 2025 жылғы 24 қыркүйектен 1 қазанға дейін жүргізіледі. Тендер жеңімпазы жұмыстарды желтоқсан айының басына дейін аяқтауға тиіс.

Дәл осындай 178,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатты Алматы қаласының Түрксіб ауданының әкімдігі де жаңа жылдық безендіру жұмыстарына бөлуді жоспарлап отыр.

Фото: goszakup.gov.kz


Алматы әкімдігі шетелдік туристерге сыйлық үшін 44 миллион теңге жұмсады


Алматы облысы Франциядағы көрмеге қатысу үшін конкурс жариялап, 60 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген


Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласында жаңа жылдық безендіруге бөлінген 148 миллион теңге тұрғындар арасында наразылық туғызды. Әлеуметтік желіде шығынның тым көптігі мен безендіру сапасының төмендігі сынға алынды. Қала тұрғындары “2025” жазуының өлшемдері техникалық құжаттамаға сай келмейтінін де анықтаған. Әкімдік бұл жұмысқа “Жасыл қала Қонаев” МКК-ның тартылғанын, безендіру тек мереке күндері емес, жыл соңына дейін жарықтандыруды қамтитынын айтты. Қазір шығындар бойынша тәуелсіз аудит жүргізілуде, олқылықтар анықталса, мердігерге шара қолданылмақ.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 15:13
Талқылау