Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарды жаппай жер сілкінісі туралы хабарлама шошытты

Алматылықтардың мобильді телефондарына жер сілкінісі туралы хабарламалар келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала төтенше жағдайлар департаменті қызметі тұрғындарға сабыр сақтауды сұрап, "сейсмологтардан ақпарат түспегенін" мәлімдеді. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:25:19-да жер сілкінісін тіркеген. Алайда Алматы қаласында жер сілкінісі сезілмеген. 

“Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 солтүстік ендігі, 76.824 шығыс бойлық. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 9 км оңтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2, MPV магнитудасы – 3.8. Есептік қарқындылығы (баллмен) – сезілмеді”, – делінген хабарламада. 

Алматылықтар жер сілкінісі туралы хабарламадан шошып, жанталаса үйден шыққандарын айтып жатыр.

Тіпті, сауда ойын-сауық орталықтарынан адамдар эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар министрлігі Mass Alert жүйесі автоматты режимде іске қосылғанын айтады.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 21 Қыркүйек, 2025 16:41
Талқылау