Алматылықтарға қашаннан бастап вакцинация жасалады? Сағынтаев жауап берді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ресейлік «Спутник В» препаратымен жаппай вакцинация қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Біз ақпан айында ресейлік Sputnik V вакцинасының алғашқы партиясын аламыз. Ақпанның ортасынан бастап вакцинацияны Алматыда бастаймыз. Қалада вакцинаның 150 мың дозасын алдық.
Жетінші ауруханада бізде Қазақстан мен Ресей өндірісінің вакциналарын сақтайтын арнайы бөлме және қойма бар. Қабылдауды күтеміз. Біз қазірдің өзінде қазақстандық вакцинаны сынау үшін 2000 еріктіге вакцина егіп жатырмыз.
Бүгінгі таңда 530 ерікті вакцинациядан өтті. Олардан әлі шағым түскен жоқ, жанама әсерлері жоқ, бірінші кезең жақсы өтуде. Біз сондай-ақ қазақстандық вакцинаны әзірлеу аяқталады деп күтудеміз», - деді ол «Әкімдік Live» бағдарламасы аясында телеарнаның тікелей эфирінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”