Алматылықтарды "тапаншасымен" шошытқан ер адамның жеке басы анықталды
Алматыда "тапанша ұстап жүрген" ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның қолына тапанша ұстаған видеосы пайда болды. Қарудың ойыншық екені белгілі болды.
"Алатау ауданының полиция қызметкерлері видеодағы адамды дереу анықтады. Бұл 1992 жылы туған Ш. есімді азамат, ол бұзақы және алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатын адам ретінде тіркелген.
Ер адамның қолында ойыншық тапанша ұстағаны анықталды. Сонымен қатар, оның әрекеттерін видеоға түсірген кезде азамат Ш. мас күйде болғаны белгілі болды. Онымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”