Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар жер сілкінісі туралы ақпаратты мобильді қосымшадан біле алады

Алматылықтар жер сілкінісі туралы ескертуді мобильді қосымшадан біле алады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

жер сілкінісі

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі "Дәрмен" қосымшасын табиғи апаттар кезінде алдын ала хабарлау жүйелеріне қосуды жоспарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы әкімдігімен бірлесіп жер сілкінісі мен сел туралы ескертуді мобильдік қосымшаға қосады. Сондықтан үлкен қауіп төнген жағдайда тұрғындарға  Алматы маңында орнатылған сенсорлар арқылы хабарлама жіберіледі. Сондықтан құтқарушылар Алматы тұрғындарына ұялы телефондарына "Дәрмен" мобильді қосымшасын жүктеуге кеңес береді.

Қазіргі таңда "Дәрмен" қосымшасында жолдардың жабылуы мен ашылуы, оқу орындарындағы сабақтардың тоқтатылуы, ауа райына байланысты ескертулер туралы тегін хабарлама жіберіледі.

Талқылау