Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматылықтар BAZIS-A cалған тұрғын үйдің кесірінен көшеде су толып қалатынына шағымданды

Видеодан скриншот

Алматыда Есқараев көшесінің тұрғындары жаңбыр жауса, су толып қалатынын айтып, шағым айтты. Сөздерінше, BAZIS-A компаниясы салған құрылыстан кейін жаңбыр жауса, екі арада су толып қалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыдағы Тәжібаев пен Розыбакиев көшелерінің арасындағы Есқараев көшесінде BAZIS-A компаниясы "Эстет" тұрғын үй кешенін салған. Айтуларынша, осы тұрғын үй салынғаннан кейін жаңбыр жауса, айнала көл болады. 

“BAZIS-A компаниясына жолдарды жиекпен жабуға болмайтыны айтылды. Әйтпесе су жиналып қалады. Бірақ олар бұл ескертуді елемеді”, – делінген хабарламада.

Мысалы 16 сәуірде қатты жаңбыр жауған кезде тұрғындар тіпті көлікпен әрең қатынаған еді.

Stan.kz тілшісі Алматы әкімдігінен пікір сұрады. 

“2025 жылдың көктемгі кезеңінде жауын-шашынның көп болуына байланысты Есқараев көшесінінің учаскесінде жолдың жергілікті су тасқыны тіркелді. Су басудың негізгі себебі – жауын-шашынның көп болуы және көшенің осы бөлігінде ұйымдастырылған су бұру жүйесінің болмауы.

Тексеру барысында құрылыс басталғанға дейін атмосфералық жауын-шашынның іргелес учаскеге табиғи түрде бөлінгені анықталды. Су тасқынының себебі құрылыс салушының әрекеті болды деген тұжырым шындыққа жанаспайды”, – деп мәлімдеді әкімдік. 

Сөздерінше, құрылыс салушы арық желісін жою немесе толтыру бойынша ешқандай жұмыс жүргізбеді, өйткені бастапқыдан ол болмаған.

“Қазіргі уақытта осы учаскеде әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде құрылыс салушы BAZIS-A компаниясы тұрғызған тұрғын үй кешені орналасқандықтан, Есқараев көшесінде су бұру құрылғысы бойынша жобаны өз бетінше іске асыру туралы шешім қабылданды. Жобаның мақсаты – қайта су басу қаупін азайту”, – делінген хабарламада.

Жұмыс құрылыс салушының есебінен орындалады, содан кейін жаңа су бұру жүйесі одан әрі қызмет көрсету үшін уәкілетті қызметтердің балансына беріледі.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 25 Сәуір, 2025 09:40
Талқылау