Алматылықтар вакцинаны кез келген жерде салғыза алады - Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы тұрғындары вакцинаны кез келген екпе салғызу орнында ала алады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаевтың айтуынша, вакцинаны тек тұрғылықты мекенжай бойынша салғызуға болады деген талап жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Егер ол Алматы қаласының тұрғыны болса және жұмыс орны бойынша жақын клиникаға жүгінсе, онда одан ешкім бас тартпайды. Бізде қалаға келіп, осында жұмыс істейтін адамдар бар. Мысалы, Алматыда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 30% - қала сыртынан келетіндер. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге жұмыс орнында вакцина егуге рұқсат берді. Алматыда тұратындардың барлығына екпе қолжетімді. Егер олар тіркелген емханасында салдырғысы келсе, жазылып, кезекке тұра алады", - деді басқарма басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда халықты жаппай вакцинациялау бірнеше күнге тоқтатылатын айтылған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн