Алматылықтар сатушыларды алдаудың ерекше амалын ойлап тапты

Алматыда алаяқтар бөтен карталардан ақша аударудың айла-амалын ойлап тапты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, үш ер адам шағын дүкендердің сатушыларын жалған электронды аударымдардың түбіртектерін жасап, алдаған.

"Ер адамдар сатып алу кезінде ақша аудару арқылы алдаудың жаңа схемасын жасады деп айтуға болады. Олар қолайлы азық-түлік дүкендерін тауып, онда ең аз дегенде 100-ден 200 теңгеге дейін сатып алды. Осылайша, олар сатушының немесе дүкен иесінің картадағы шоты туралы дербес деректерді алып, содан кейін фотомонтаж бағдарламасының көмегімен ақшалай қаражатты ірі соманы аудару туралы электрондық түбіртектердің скриншоттарын алдын ала дайындады", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Оның айтуынша, бір жағдайда ер адамдар жалпы сомасы 170 мың теңгеге темекі сатып алған. Сатушыға электронды ақша аударымы арқылы төлем жасағысы келетіндерін айтқан. Шын мәнінде, олар "боялған" түбіртекті дайындап қойған, оны есептеу кезінде сатушыға көрсеткен.

Түбіртекте ер адамдар фотошоптың көмегімен қажетті соманы толтырған. Тергеу барысында ұсталғандардың осындай 30 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр