"Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп уәде еткен": Алматылықтар жаппай алаяқтарға алдануда
Алаяқ алматылықтарды мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлер алып беруге уәде беріп, алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол қызметі үшін 1,5 мың доллардан астам ақша талап еткен. Ол осындай 20 жағдайға қатысы бар деп күдіктелуе.
"Күдікті өзін ипотекалық ұйымдардың бірінің қызметкері ретінде көрсете отырып, құрбандарына оларды пәтерлермен қамтамасыз ете аламын және мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алу кезегін жеделдетемін деп сендірді. "Көмек" көрсеткен қызметі үшін ол 750 мың теңгеден кем емес ақшалай сыйақы талап етті. "Қызметтің" күрделілігіне байланысты әр адамға әртүрлі баға ұсынған", - дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Талқылау