Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайындалып жатыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астананың билігі COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялау шараларын дайындауға кіріскенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз бұған дейін үкіметтен тиісті нұсқаулар алдық. Қалалық деңгейде медициналық кадрларды оқытып жатырмыз, вакцинаны сақтау үшін қажетті  қосымша тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сағынтаев бірінші кезекте қауіп тобына жататын адамдарға - дәрігерлерге, әскери қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған қала тұрғындарына екпе жасалатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі ел тұрғындарын коронавирусқа қарсы жаппай ерікті вакцинациялау 2021 жылдың басынан бастап жоспарланып отыр деп хабарлаған болатын. Бірінші кезең халықтың инфекция қаупі жоғары топтарын, оның ішінде дәрігерлерді, мұғалімдерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтиды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр