Алматылықтар қалалық сауда орталығының алдындағы үлкен кезекке таң қалды

Алматылықтар әлеуметтік желілерде Grand Park сауда-ойын-сауық кешенінде түсірілген үлкен кезекті талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

kris_p_almaty парақшасында дүкеннің алдында жиналған ұзын кезек түсірілген видео жарияланды.

Бұл видео әлеуметтік желілердің қолданушыларының көптеген пікірлерін тудырды.

 

"Бұл адамдардың бәрінде ақша қайдан? Ақшаны қайдан алып жатсыңдар, айтыңдаршы!"

"42500 теңгені жаратуға келген шығар"

"Адамдарға қашан ақыл кіреді, бірінші күні жаппай киімге барғаны қай сасқаны, жалаңаш қалдыңдар ма? Не болды сонша..."

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас мемлекеттік дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды. 17 тамыздан бастап келесі орындар жұмысын біртіндеп бастады:

- сауда үйлері (бутиктер), бөлшек сауда желілері, жабық базарлар;

- сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметикалық қызмет көрсететін нысандар (келушілерге 4 шаршы метрге дейін);

- балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (топтар - 5 адамнан аспау керек)

- сыртқы аттракциондар;

- бассейні жоқ фитнес-орталықтар (бір келушіге 5 шаршы метр), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (бір келушіге 4 шаршы метр);

"Қазір жұмыс жасап жатқан нысандар 17 тамыздан ары қарай қызметтерін жалғастырады. Ол нысандарға қосымша сауда орталықтары мен сауда үйлерінің қызметі жанданады. Егер осы уақытқа дейін орталықтарда тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс жасаса, дүйсенбіден бутиктер ашылатын болады. Сауда желілері мен жабық базарладың да жұмыс жасауына рұқсат беріледі. Сұлулық салондары, спа орталықтар, шаштараздар да жұмысын бастайды", - деді Есмағамбетова. 
 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр