Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар GO Green акциясы аясында 5000 түп ағаш отырғызды

Алматыда 13-ші шағын аудан аумағында жаппай ағаш отырғызу бойынша GO Green акциясы өтті. Белсенділер, аудан тұрғындары, студенттер, сондай-ақ ECO Fund Tabigat еріктілері және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының мүшелері түрлі жеміс және жапырақты ағаштардың 5 000-нан астам көшеттерін отырғызды. Ұйымдастырушы – Қазақстандық Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы.

Ағаш отырғызу Компанияның мерейтойына орайластырылды: биыл RAMS Qazaqstan-ның құрылғанына 25 жыл, ал Қазақстанда Ағаш отырғызу күні 2014 жылдан бастап атап өтіледі.

Акцияның әрбір қатысушысы бірнеше жапырақты ағаш көшеттерін, сондай-ақ өрік, шетен, түрлі сұрыптағы алма ағаштары сияқты жеміс көшеттерін отырғызу мүмкіндігіне ие болды. Экологтардың пікірінше, ағаштардың әртүрлі болуы өз кезегінде уақыт өте келе болашақ жеміс паркінің аумағында өзінің экожүйесін қалыптастыруға көмектеседі.

“Біз сіздермен экологиямызды көркейту мақсатында жұмыла жұмыс жасап келеміз. Барлық қала тұрғындары күн сайын біздің қаланың үстінде тұрған түтінді бақылайды. Біз RAMS Qazaqstan компаниясы атынан бизнес өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді үлес қосып келе жатқанына өте қуаныштымыз”, - деп түсіндірді Eco Fund Tabigat негізін қалаушы Тимур Елеусізов.

GO Green акциясы - Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы 2021 жылдың қараша айында бастаған, сол шағын аудан аумағында қылқан жапырақты және жапырақты ағаш тұқымдары отырғызылған жаппай көшет отырғызу жобасының жалғасы. Жалпы жоба 2 жыл қатарынан жалғаспақ. 2023 жылдың соңына дейін жалпы ауданы 25 гектар болатын 13-ші шағын аудан аумағындағы жасыл Қордың жалпы саны 25 000 ағашты құрайды (бұл қалаға жасалған сыйлық). Көгалдандыру жобасы қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлкен әсер етеді деп күтілуде. Отырғызылған ағаштар ауаны ылғалдандырып, іргелес аумақтағы ауа температурасын төмендетіп, жылына шамамен 1200 тонна шаң мен ластаушы заттарды бейтараптандыруға көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ағаш отырғызу ісі осымен аяқталмайды – алдағы уақытта барлық көшеттерге тұрақты күтім жасалады. Ал бірнеше жылдан кейін Оңтүстік Астананың тұрғындары мен қонақтары саябақтың жасыл желегі мен таза ауадан ләззат ала алады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Мамыр, 2022 08:00
Талқылау