Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар Досаевқа колготка мен белдемше киген еркектердің үстінен шағымданды (видео)

Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде Медеу ауданының тұрғындары жақын маңдағы барлар мен оған баратын күдікті адамдар тобына шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы әкімдігі

Кездесу барысында Ерболат Досаевқа арыз-шағыммен келгендердің қатарында Медеу ауданының тұрғындары да болды. Олар қаптаған барлар мен оған баратын ЛГБТ өкілдерінің үстінен шағым түсірді.

“20 бар. Адам төзгісіз. Жұма, сенбі күндері аулада қысқа белдемше мен колготка киген гейлер жүгіріп жүреді. Бұл не сұмдық? Полицияға хабар береміз. Олар сирек келеді. Ал мұның бәрін балаларымыз бен немерелеріміз көріп отыр”, – дейді ашынған әйел. 

Тұрғынның не жөнінде айтып жатқанын алғашында түсінбей, таңғалған қала басшысы Медеу ауданының әкіміне жалт қарап, “не?” деген сұрақты бірнеше рет қойды. 

Шағымға қатысты Ерболат Досаев сұрақты Медеу аудандық полиция бөліміне жолдады. Ондағылар бейсенбіден жексенбіге қараған түні тәртіп сақшылары ауданда іс-шаралар өткізіп, хаттамалар рәсімдейтінін айтты.



Қала басшысы Назарбаев көшесіндегі барлармен жұмыс істеген полиция қызметкерлерінің бұл тұста тәжірибелі екені айтып, дәл сол әдісті Медеу ауданында қолдануды тапсырды.

Бұған дейін Оңтүстік Африкада "әлемдегі алғашқы гей имамның" атып өлтірілгені туралы жазған едік. 

Талқылау