Алматылықтар аялдамада автобусты сағаттап күткендеріне шағымданды
Алматылықтар таңғы қарбалас кезінде аялдамада автобусты сағаттап күткендеріне шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аялдамада автобус күткен жолаушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қала әкімдігі бейнежазбада Райымбек-Әшімов көшесіндегі "№7-ші қалалық аурухана" аялдамасы екенін мәлім етті. "Әлеуметтік желіде тараған "№7-ші қалалық аурухана" аялдамасы. Бұл жермен күніне 263 бірлік қоғамдық көлік жүреді.
Атап айтқанда, № 18, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Бағыт кестесінің бұзылуы жолдағы кептеліспен байланысты болады. Сонымен қатар көшелердегі жөндеу жұмыстарыда кедергі келтірді. Орталық диспетчерлік қызмет әр бағыттың қозғалысын бақылайды, ауытқулар болған жағдайда олар тасымалдаушыға шара қолдану туралы айтады", – деп хабарлады әкімдіктен.
Жалпы қалада 2 мыңға жуық автобус бар. "Бүгінде автобус парктерінде жанармай тапшылығы жоқ", – деп нақтылады әкімдіктен.