Алматылықтар әуежай ғимаратына гүл әкеп қоюда
Алматы тұрғындары әуежайдың ғимаратына қайғылы оқиғаға байланысты жаппай гүл шоқтарын әкелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз
Алматылықтар алып келген гүлдерін әуежайдың кіре берісіне қойып жатқан көрінеді.
"Алматылықтар Bek Air әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшпақ болған сәтінде құлаған ұшақтың ішінде көз жұмғандардың жақындарының қайғыларына ортақ екендігін көрсетуі үшін басты терминалдың алдына гүл шоқтарын әкеп қоюда", - деп жазыпты әуежайдың Facebook-тағы парақшасында.
Талқылау