Алматылықтар Q-net қаржы пирамидасына 75 миллион теңге салған
"Q-net" қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша ұсталғандарды тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін "Q-net" қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды.
Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.
“Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Ведомство қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.
Талқылау