Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт жол бермеген көлік жүргізушісін ұрып, құлағының бір бөлігін жұлып алды

Алматылық азамат көлігін жолда өткізбей қойған ер адамның құлағының бір бөлігін жұлып алды.

Алматылық жігіт жол бермеген көлік жүргізушісін ұрып, құлағының бір бөлігін жұлып алды

Бұл туралы ақпарат инстаграмдағы Kris_p_brothers паблигінде пайда болды.

Оқиға Абай мен Саин көшелерінің қиылысында болған.

Жәбірленуші айыпталушының көлігін жібермей қойған. Айыпталушы оған қарсыласып, оның көлігінің жолын кесті.

Жиырма екі жастағы жігіт машинадан түсіп, қарсыласын ұра бастады, содан кейін оның құлағының бір бөлігін тістеп жұлып алды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР ҚК 293-бабы «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция бөлімі оқиғаның мән-жайын және оның куәгерлерін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауда», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Жәбірленушілердің алған жарақаттарының ауырлығы сот-медициналық сараптамамен анықталады, - дейді полиция.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оған 5 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 625 000 теңге) айыппұл салынуы немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы, не сол мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Шілде, 2019 16:00
Талқылау