Алматылық жігіт полиция көлігінің капотында суретке түскені үшін жазаланды
Алматыда белгісіз біреу қызметтік полиция автокөлігінің капотына тұрып суретке түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп бұзғанымен қоймай жас жігіт суреттерді желідегі парақшасында бөліскен. Бұзақылық жасаған оны құқық қорғау қызметкерлері тез тапты. Хаттамасы ресімделгеннен кейін бұзақы сот алдында жауап берді. Оның ісі Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
"Азамат бұзақылық ниетпен полиция қызметкерлеріне деген "құрметін" білдіріп, қызметтік көлік құралының капотына тұрып, суретке түсті. Содан кейін әлеуметтік желілерде фотосуреттер таратты. Сот оны екі күнге қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Өйткені оның әрекеттері қоғамдағы мінез - құлық нормаларын елемеу, қоғамдық тәртіпті бұзу және азаматтардың тыныштығын бұзды", - деп хабарлады сот өкілі.
Талқылау