AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт мас күйде көлік ұрлап, жантүршігерлік жол апатына себеп болды (видео)

Алматылық жігіт мас күйде көлік ұрлап, адам өліміне әкелген жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Jeep Grand Cherokee соқтығысқан.

“102” пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көліктің иесі автомобильдің Сейфуллин даңғылының бойында тұрғанын айтты. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы А.есімді қала тұрғыны болып шықты.

Камералардан ұрланған көліктің үлкен жылдамдықпен қозғалғаны анық көрінеді. Апат салдарынан Grand Cherokee көлігінің 19 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды, ал жүргізуші әлі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

“Ал Toyotа жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Анықталғандай, ол мас болған, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа тексеру шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық іс бірден Қылмыстық кодекстің үш бабы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 347-бабы және ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетсек, ұсталған азамат бұрын екі рет сотталған. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр