Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық тұрғын 10 минут ішінде 16 миллион теңге салынған сейфті тонап кетті

Алматыдаға кеңселердің бірінде 16 миллион теңге салынған сейфті тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда 37 жастағы ер адам интернет-дүкен кеңсесінен 16 миллион теңге ақша сақталған сейфті ұрлап кеткен. Қылмыстық жоспарды жүзеге асыруға күдіктінің небәрі 10 минут уақыт кеткені анықталды.

"37 жастағы азамат М. таңертеңгі сағат 5-тер шамасында кеңсе есігінің құлпын бұзып, ішке кіріп, сол жерден кішкентай металл сейфті алып кеткен. Аталған қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бұл жолы бейнебақылау камералары жақсы көмек болды. Қазір айыпталушы ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған ақша қаражатын сақтау орнын анықтауға бағытталған іс – шаралар жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылады", - деп атап өтті Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Талқылау