Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трейдер 5G желісі арқылы табысын қалай арттырып отыр?

Трейдингте маңыздысы – уақыт. Табыс секундқа тәуелді. Сондықтан интернеттің жүйріктігі трейдер үшін бірінші қажеттілік. Kcell-дің 5G желісі қазір трейдинг үшін табыстың кілтіне айналып тұр. Сөзімізге дәлел, алматылық трейдер Еркебұлан Әріпбай. Ол өз табысын арттыру үшін тұрақты түрде 5G желісін қолданады. Себебі инвестиция жасау кезінде сауда-саттықты қолайлы бағада жылдам әрі тиімді жүргізуі керек. Осы ретте ол Kcell Auleti жоғары жылдамдықты бесінші буын сымсыз желісін сынап көрді. Қаржы нарығының саудасымен айналысатын маман жоғары жылдамдықтағы интернеттің өз саласы үшін қаншалықты маңызды екенін айта отырып, Kcell ұсынған роутердің сапасына өз бағасын берді.

Еркебұлан Әріпбай – қаржылық сауаттылық маманы. Ол АҚШ, Қазақстан қор нарығында инвестиция жасап, өзгелерге де ақшасын дұрыс жұмсауды, инвестициялық құралдарды пайдалануды үйретеді. Осы салада 5 жыл жүрген маман акцияларды алып-сатумен айналысады. Сонымен қатар қазір онлайн курс өткізіп, адамдарға қаржылық сауаттылық бойынша дәріс беріп, қор нарығында жұмыс істеуге көмектесіп жүр. Бүгінде оның 600-ден астам шәкірті бар. 

“Қарапайым сөзбен айтқанда, трейдер – ол саудагер. Олар қаржы биржасындағы құнды қағазды, криптовалютаны немесе акция мен облигацияны сатып пайда көреді. Трейдингтің мәні – өнімді арзан кезінде алып, қымбат кезінде сату. Бұл салада жүрген адам әрқашан ақпараттанып, бәрінен хабардар болып отыруы тиіс. Мәселен, қор нарығындағы ақпаратты алу үшін мен жиі finviz қаржылық визуализация сайтында отырып, котировка, яғни акцияның бағаларын бақылауым керек. Ал ол ұдайы өзгеріп отырады. Егер интернет сапасы орташа болса, ақпарат баяу ауысып, қателесуіңіз мүмкін. Ал жоғары жылдамдықпен тенденцияға ілесе аласыз”, – деді трейдер. 

Айтуынша, трейдер үшін тек акция бағаларын білу емес, оған анализ жасай алу үшін ұдайы білім алу да маңызды.

“Мен көбінесе шетелдік сарапшылардан білім алып отырамын, өзім де студенттеріме онлайн сабақ өткіземін. Бұрын басқа желіні қолданғанда, видеотрансляция кезінде арада 20 секундтай қалыс қалу байқалатын. Бүгінгі күні 5G желісі арқылы видеоларды еш кідіріссіз, жоғары сапада көре аламын, барлығы тез жүктеледі. Дәлме-дәл уақытта тікелей эфир кешігусіз көрсетіледі де, кері байланыс алу оңайға соғады”, – дейді ол.

Еркебұлан Әріпбай, сондай-ақ, қысқа мерзімді инвестиция кезіндегі 5G-дің маңыздылығына тоқталып өтті. Айтуынша, скальпинг әдісі арқылы сауда жасаған кезде интернет жылдамдығы жоғары әрі сапалы, тұрақты болу керек. 

“Скальпинг дегеніміз – акция бағасындағы минималды өзгерістерді бақылап, бір күнде бірнеше қысқа мерзімді мәмілелерді жасау. Мысалы акцияны 10 долларға алып, 11 долларға сатады. Осылай бір күнде 10-ға жуық операцияны орындайды. Сол үшін сауда-саттық барысында интернетте кідірістер немесе ақаулар мүлдем болмауы керек. Оларға әр секунд маңызды. Неғұрлым интернет сапалы болса, соғұрлым саудасы сәтті өтеді деген сөз. Скальпер бағаның ауытқып тұрған кезіне бірден үлгеруі тиіс. Әйтпесе ақшасын жоғалтады”, – деді Әріпбай.

Қаржы маманы тек жұмыс орнында емес, үйде де, демалыс орындарында да, тіпті кофеханаларда ауқаттанған кезде акция бағаларын қарап отыруды әдетке айналдырған. Алайда кей сәттерде телефондағы мобильді интернет баяу ұстайтын сәттердің жиі кездесетінін және ол оған келеңсіздіктер тудырғанын жасырмады. Kcell ұсынған жоғары жылдамдықтағы роутер ол үшін таптырмас мүмкіндік болды. Себебі оны 5G желісі қолжетімді барлық жерге өзімен алып жүріп, қолдануға болады. Бастысы өзі отырған нысанда электр қуаты істеп, роутерді тоққа қосса болғаны. 

“Бүгін Kcell Auleti-нің 5G сымсыз роутерін қолданып, сапасына қанағаттандым. Интернет сапасы өте жоғары, ешқандай ақаулықтарды байқамадым. Керісінше, өте тез болды. Сонымен қатар роутер кәсіпкерлерге, оның ішінде фрилансер мамандарға, скальперлерге өте ыңғайлы”, – деді трейдер. 

Қаржылық сауаттылыққа баулитын маман Қазақстандағы 5G желісінің барлық жерде таралып, басқа компаниялардың оны қолданғанын асыға күтетінін мойындады. Сөзінше, басқа салаларда, түрлі компанияларда 5G-дің қолданылуы, технологиялардың кірігуі олардың дамуына әкеледі. Ал олар дамыса, сәйкесінше акция өседі.

“5G желісі бұдан да қарқынды дамып, еліміздегі әрбір компания, кәсіпкер оны қолданса, міндетті түрде прогресс болады. Себебі қай бизнес түрін алып қарасақ та, жоғары жылдамдықтағы интернетті тікелей қажет етеді. Бизнес өкілдерінің дамуының арқасында олардың акция құны артады. Ал бұл менің, яғни трейдерлердің сәтті сауда жасауына септігін тигізеді. Кезінде арзанға алған акцияны мен кейін қымбатына сата аламын”, – деп түсіндірді трейдер.

Республика бойынша 5G қолжетімді мекенжай тізімін толығырақ Kcell Auleti веб-сайтынан көруге болады. 5G технологиясын енгізу үшін SingleRAN (бірыңғай радиоқабылдау желісі) деп аталатын арнайы әдіс қолданылады. Бұл әдіс 5G-ді 2G, 3G және 4G сияқты қолданыстағы желілерге еш қиындықсыз енгізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында интернет желісінің сапасы жақсарып, жаңа технологияға көшу процесі жеңілдейді.

Айта кету керек, енді Kcell орнатқан 5G станциялары Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан қалаларында және басқа да елді мекендерде 255 нүктені қамтиды. Жоғары жылдамдықты интернет Алматыда 98, Астанада 79 және Шымкентте 56 мекенжай бойынша пайдаланушыларға қолжетімді. Одан бөлек, Kcell 5G базалық станциялары еліміздің батыс өңірінде, соның ішінде Атырау, Ақтау және Орал қалаларында жұмыс істей бастады. Қызылорда, Павлодар және Ақтөбе қалаларының тұрғындары да жаңа желіні сынап көру мүмкіндігіне ие болды.

Талқылау