Алматылық самокат жүргізушілеріне бір айда 3 мыңнан астам айыппұл салынған
Фото: Pixabay.com
Алматыда 13 тамызы мен 13 қыркүйегі аралығында самокат жүргізу ережесін бұзған 3026 факті тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір ай бұрын айыппұлдар саны 1596 еді. Ал осы жолы екі есеге жуық көп.
JET кикшеринг операторының мәліметі бойынша, негізгі заңбұзушылықтар яғни 1 698 жағдай жолаушыларды тасымалдауға қатысты. Екінші көп жасалатын заңбұзушылық – заңсыз тұрақ (1199). Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың самокат пайдалануының 103 фактісі анықталды. Осыдан кейін аккаунттар бірден бұғатталды. Самокаттарды зақымдау бойынша 26 оқиға тіркелді.
Алматыда самокатшы тротуарда жүргені үшін ескерту жасаған ер адамның көзінен ұрған
Алматыда самокат мінген екі жасөспірім сәби отырған бесік арбаны қағып кетті (видео)
Айыппұл салу жүйесінің бірінші айы –13 маусым мен 13 шілде аралығында 1866 заңбұзушылық тіркелген.
“Айыппұлдар санының артуы бақылаудың күшеюіне, соның ішінде полициямен бірлескен рейдтерге және заңбұзушыларды тезірек анықтауға мүмкіндік беретін электр самокаттарына орнатуға байланысты. Жақын арада азаматтардың өтініштерін өңдеуге арналған бірыңғай Telegram ботын іске қосып, мониторинг жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.
Алматыда айыппұл жүйесі 2025 жылдың маусымынан бастап жұмыс істейді.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қазақстан халқына Жолдауында электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсырған еді.

"Бір картинам 150 мың теңгеге бағаланған": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
