Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицейлердің сатушыны ұстау әрекеті әлеуметтік желіде наразылық тудырды

Алматыда Тұңғыш Президент саябағына кіре берісте ер адамды полицияның ұстауы әлеуметтік желілерде наразылық тудырды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-да жарияланған видеода екі тәртіп сақшысының ер адамды жерге құлатқаны көрсетілген. Бұл ретте полицейлердің бірі ер адамды мойнынан мықтап ұстаған.

"Жүгері сатушыны ұстады. Жігіт тек ескерту алды деп үміттенемін", - делінген видеоның астындағы жазбада.

Видеоның түсіндірмесінде ер адамның заңсыз сауда жасағаны туралы жазылған: "Ол қаша бастады, оның сөмкесін жыртты. Ол жынданып, итеріп, қарсылық көрсете бастады".

"Мен есірткі сатушыны ұстады деп ойладым ) жігіт нанын тауып жүр. Жарты базар сауда жасайды. Ең бастысы - қайыр сұрамайды...", "Бұл тек жүгері ғой... Өлтіруге шақ қалды ... Қандай елде тұрамыз", "Біздің полиция қарусыз адамдарға ғана қарсы тұра алады, ал егер адамның қаруы болса, біздің ержүрек полицейлер онымен жәй ғана сөйлеседі", - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty) on

Талқылау