Алматылық орталық көк базардың маңында дәмхана өртенді (видео)
Алматының орталық көк базарының маңында орналасқан дәмхана өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 23 желтоқсан күні таңертең орын алыпты. Құтқарушыларға хабар сағат 4:35 шамасында түсіпті. Өрт сөндірушілер от шапқан дәмхананы сөндіруге 8 минуттан соң жеткен.
"Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты ғимараттың екінші қабатындағы қонақ залы өрттенгенін анықтаған. Бұл ғимаратқа жақын 3 қабатты әкімшілік ғимарат орналасқан. Өрттің басқа нысандарға шабу қаупі пайда болғандықтан, оны дереу өшіру қажеттелігі туындады", - делінген ТД-нің мәлімдемесінде.
Бұған қоса мәлімдемеде қонақ залының түбегейлі өртеніп кетуінің алды алыныпты.
"Тілсіз жау сағат 5:17-де 34 минуттың ішінде ауыздықталып, оны сөндіруге 52 минуттай жұмсалған. Өртті өшіруге 22 құтқарушы мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды", - деп қосты құтқарушылар.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ