Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушылар Анталиядағы Халықаралық Олимпиадада бас жүлдеге ие болды

Алматы қаласындағы №144 мектеп-гимназияның оқушылары Анталияда өткен Халықаралық көп пәндік олимпиадада жүлделі орындар иеленді.

Qazaq Stroy компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, олимпиадаға 14 елден келген 750 оқушы қатысты. 144-мектеп-гимназиядан 12 оқушы барды. Олар 24 түрлі жүлдеге ие болды, оның ішінде Анталия қаласындағы Туризм академиясына тегін оқуға жолдама да бар. Олимпиада математика, физика, химия, биология, география, орыс және ағылшын тілдері, әлем тарихы және шахматтан өтті. Сонымен қатар, бағдарлама шығармашылық тапсырмаларды да қамтыды.

"Біз мұндай жоғары деңгейлі халықаралық олимпиадаға бірінші рет қатысып тұрғандықтан қатты қобалжыдық. Жарыстың алғашқы күні біздің тобымыздың мүшесі биология пәнінен бірінші орын алды. Бұл бізге шабыт сыйлап, күн сайын біздің оқушылар жүлделі орындарды иелене бастады. Егер Qazaq Stroy компаниясы бізге ұшақ билеттеріне, тұратын жер мен басқа да шығындарға көмектеспегенде бұл сапарға шыға алмас едік. Сондықтан біз үлкен алғысымызды білдіреміз", - деді оқу орнының директоры Әлия Саламатова.

"Анталия қаласындағы туризм академиясында оқуға арналған грантты" мектеп түлектері арасында жеке есепте ең басты жүлдені Максим Ефременко жеңіп алды. Ол математика, орыс және ағылшын тілдерінде абсолютті нәтиже көрсетті және Рубик текшесін жылдам құрастыруда үздік атанды.

"Мен мұндай ауқымды жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Бұл ұмытылмас естеліктер. Гуманитарлық, математикалық және  шығармашылық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынадым. Олимпиада маған өз күшімді сынап, чемпион екенімді дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мен және менің сыныптастарым үшін мұндай іс-шараға қатысу баға жетпес тәжірибе болды. Әрине, бұл тек бастамасы ғана. Баршаңызға сәттілік тілеймін", - деп бөлісті олимпиаданың бас жүлдегері Максим Ефременко.

Qazaq Stroy  компаниясы дайындаған арнайы сыйлықтарды басқарушы директор Болат Ибрагимұлы барлық қатысушыға  табыс етті. 

"Оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды Анталиядағы көп пәндік халықаралық олимпиаданың тамаша аяқталуымен құттықтаймыз. Біз осындай іс-шараның бір бөлігі бола алғанымызға қуаныштымыз. Нәтижелер біздің күткенімізден асып түсті. Балалар  жарайсыңдар. Әр оқушы біздің елімізді осы деңгейі жоғары және жауапты жарыста лайықты түрде таныстырып, өзінің терең білімі мен тамаша дайындығын көрсетті. Компания дарынды оқушыларға алдағы уақытта қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті", - деп атап өтті Болат Ибрагимұлы.

Гимназия басшылығы оқушылардың педагогикалық құрамы мен ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады.

Анталиядағы көп пәнді халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.

Талқылау