Алматылық оқушылар 13-14 желтоқсан күндері қашықтан оқиды
Алматыда аязға байланысты 0,1-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: citycenter.jo
Қазгидромет 13-14 желтоқсан күні қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.
13 желтоқсан – түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсан – түнде қатты аяз 25-27 градусқа дейін төмендейді.
Осыған орай, Алматы қалалық білім басқармасы 13-14 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтықтан оқыту форматына ауысатынын хабарлады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді