Алматылық көпқабатты үйдің қабырғасында Димаш Құдайбергеннің бейнесі пайда болды
Алматының көпқабатты үйлердің бірінің сыртында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнерпазға арналған мурал Сейфуллин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан пәтердің сыртында пайда болған.
Желі қолданушылары бұл суретті көріп ағынан жарылды. Суретшінің бұл туындысы Димаштың тыңдармандарының көңілінен шыққан сыңайлы.
"Керемет!", "Қандай ғажап!", "Суретшіге рахмет үлкен! Сонша биіктікке сурет салған үлкен ерлік!", "Бұл қай жерде?" деген сынды пікірлер жазбаның астына жазылыпты.
Десек те кейбір желі пайдаланушылары Димашты көңілсіз әрі кәрі қылып бейнелепті деп те жазыпты. Көп оқырмандар сурет авторына алғыс жаудырып жатты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн