AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайратқа" қабылданған: Алматылық қыз өзінің футболға қабілеттілігімен көпшілікті таңғалдырды

Әлеуметтік желіде танымал алматылық Әмина Бибосынованың ойынына көпшілік тәнті. 15 жастағы жетіншек жақында "Қайрат" футбол клубының қыздар құрамасына қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Арудың болашағынан жаттықтырушылары үлкен үміт күтеді. Көз ілеспес жылдамдықпен қарсыласын қапы қалдырып, қақпаға добын дәл тигізетінін айтады. 

Әмина Бибосынова осыдан үш жыл бұрын кәсіби футболмен айналысуды бастады. Оқу мен жаттығуды қатар тізгіндеген қыз жақында алматылық  "Қайрат" клубының қыздар құрамасының сапын толықтырды.

“ЖФК "Алматы" клубынан бастап ойнағанмын. Сосын бізді "Қайратқа" шақырды, бүкіл командамызды. Осы жылы біз Қазақстан чемпионат республикасының сайысында финал турына өттік. Келесі айда финал туры болады”, –дейді Әмина Байбосынова. 

Допты ұршықша иірген қаршадай қыздың финттары әлеуметтік желіде мыңдаған лайк жинайды. Соңғы үш жылдан бері жастар арасында Әмина үздік бомбардир, үздік шабуылшы аталымы бойынша ешкімге дес бермей келеді. Үйде ұлдан кейінгі қыздың футбол жолын таңдауы о баста ата-анасының таңданысын туғызғанмен, кейін бетін қақпай, белін буған.

“Онша мән берген жоқпыз. Өзі келіп айтқан: "Әке, футбол бастасам, футбол ойнасам, шақырып жатыр". Командасы өзі іздеп бізді тапқан. Қазір Қазақстан бойынша қыздар футбол командасында ойнап жатыр. Мектепте жақсы оқиды”, – дейді Қыздың әкесі Абай Өтепов. 

Амина аптасына төрт рет бірнеше сағаттан "Қайрат" футбол клубының академиясында жаттығады. Сонымен қатар ол үйдің жанында да жаттығулар жасайтын көрінеді. 

Биыл 10-сыныпқа аяқ басқан Әмина өмір жолын ала доппен байланыстырады. Алға қойған нық мақсаты Қазақстан қыздар құрамасында өнер көрсету. Оған бабы да сай, жігері де жетеді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр