AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкерлер 5% мөлшерлемемен несие ала алады

Алматы қалалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Almaty Business – 2025 өңірлік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласының Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары кәсіпкерлікті жүргізу үшін жылдық 5% мөлшерлемемен несие ала алады. Айта кетсек, елімізде бұл мөлшерлеме 6%-ды құрайды", – деді Еркебұлан Оразалин.

Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір қарыз алушыға жоғарғы сома 180 млн теңге. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі белсенді емес аудандар үшін 5%, белсенді аудандар үшін 7% құрайды.

Қазіргі кезде бағдарламаның серіктес банктері – "Сбербанк", "ВТБ банк". Оларда кәсіпкерлікті қолдау үшін қаражат бар. Жұмысты "Альфа Банк" пен "Форте Банк" арқылы бастау жоспарлануда.

Бүгінде 3,3 млрд теңге көлемінде 46 жобаға қолдау көрсетілді, жалпы бюджет 11 млрд теңгеден асады.

"Шағын және орта бизнесті ынталандыру үшін Алматы ӘКК базасында Almaty Finance ұйымдары және "Алматы" микро қаржы ұйымдары құрылды. Қарыздар жылдық 6% бен 2% мөлшерлеме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бүгінде 9,5 млрд теңге көлемінде 130 жоба қаржыландырылды. Берілген несиелердің 30%-дан астамы start-up жобаларға тиесілі", – деді спикер.

Сонымен қатар Еркебұлан Оразалин кепілдігі жоқ жаңа кәсіпкерлер де несие алатынын айтты. Ол үшін бағдарламаға несие тарихы бар клиенттер үшін жылдық 12% мөлшерлемемен 6 млн теңгеге дейін, сондай-ақ несие тарихы жоқ кәсіпкерлер үшін 1 млн теңгеге дейін кепілсіз несие беру мүмкіндігі енгізілді. Несие мерзімі 24 айға дейін. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр