Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткімен ұсталған 19 жастағы алматылық блогер он жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Ағымдағы жылдың сәуір айында полицияның арнайы жасағы мен ЕҚқКБ жедел қызметкерлері Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде арнайы операция жүргізді. Оны қалалық прокуратура "Есірткі бизнесіне қарсы күрес" жобасы аясында үйлестірді.

"Түнгі сағат екіде түнгі клубта 2004 жылы туған Т. есімді азамат ұсталды, оның оң жақ шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ұнтақ пен кесек пішінді, ашық түсті синтетикалық зат салынған үш байлам табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл – “мефедрон" есірткісі. Заттың нақты кімдікі екендігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы блогер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Талқылау