Алматылық дәрігерлер өкпесі 100 пайыз қабынған науқасты аман алып қалды

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100 пайыз қабынған, аман қалу үміті жоқ науқасты құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.

өкпе

Вирус жұқтырған адамның өмірі үшін күрес 10 күнге созылған, оның 7 күнінде науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. Қазір ол палатаға ауыстырылды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығы дәрігерлердің қамқорлығының нәтижесі. 

Каналдың мәліметтері бойынша, ауруханаға бір күн ішінде 30-ға жуық науқас келіп түседі. Кезек күттірмейтін кареттер бірнеше минут аралықпен келеді. Қазір дәрігерлер 16 жағдайы ауыр науқастың өмірі үшін күресуде.

"Біз үйге бармаймыз, барлығынан бөлек, қонақ үйде тұрамыз. Міне, үш ай бойы туыстарымыз бен жақындарымызды көрген жоқпыз. Біз үшін бұл өте қиын. Таңғы сағат 8-ден бастап аяқтан тік тұрып жұмыс істейміз. Қазір біздің басты мақсатымыз - пациенттерді емдеу және сауықтыру", - дейді Алматы ОҚКА реанимация бөлімінің меңгерушісі Айжан Айтбаева.

Реаниматолог дәрігер Арман Ибраимов COVID-19-дан айығып шыққаннан кейін де жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.

"Ауырдық, жазылдық. Алғашқы күндері тестіміз оң нәтиже бергенде біз өзімізді емдедік. Қазір тіпті орын жоқ. Дәрігерлер жетіспейді. Реаниматологтар да, басқа да мамандар да жетіспейді. Біз 1-2 күннен ауысып шығамыз. Жұмыс өте қиын, 24 сағат бойы ұйықтамаймыз деп айтуға болады. Оның үстіне біздің реанимацияда өте ауыр пациенттер бар", - дейді дәрігер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр