Алматылық бойжеткен үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастың қалыпты өмірге оралуына көмектесті
Алматы тұрғыны үй-күйсіз қаңғырып жүрген ер адамның қалыпты өмірге оралуына көмектесті. Мадина есімді бойжеткен панасыз қалған азаматқа қол ұшын берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Илья Мадина тұратын үйдің подъезіндегі бетон еденде 10 күн ұйықтаған. Мадина анасы екеуі оған тамақ бермек болады. Жігіттің жасы шамамен 35-те екені белгілі болды. Ол карантинге байланысты ақшасы, үйі және құжаттарынан айырылған. Өзі бұрынғы балалар үйінің түлегі. Күндіз тамақ сатып алу үшін темір сынықтарын тапсырып, түнде подъездерде түнеп келген.
Илья үй алып беремін дегендерге алданып қалғанын айтады. Ал мерзімі өтіп кеткен құжаттарға байланысты оған мемлекет алдында айыппұл салынған екен.
Мадина Ильяның жағдайын айтып инстаграмда көмек сұрады.
Алматылық әйел қамқор адамдардың арқасында ер адамның киіміне ақша жинай алды. Қалған сомаға бойжеткен оны жатақханаға орналастырып, моншаға апарып, мерзімі өтіп кеткен құжаттары үшін айыппұл төлеген. Отбасы Ильяны жеке куәлік алып, жұмыс табуы үшін өз үйіне тіркеді.
Осыдан соң ер адам жұмыс тапты. Бұдан былай жұмыс орнында тамақтанып, сол жерде түнейтін болды.

Тиімді бағада шоппинг, түнгі круиз және ғибадатханалар: Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайда саяхаттай алады
